БҚО-да полицейлер 291 дана киік мүйізін тәркіледі

/
БҚО-да полицейлер 291 дана киік мүйізін тәркіледі
Polisia.kz

Орал – Атырау тасжолында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Alphard автокөлігін тоқтатып, көліктің жүк салғышынан 291 дана киік мүйізі салынған екі үлкен қорапты тіркіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде аталған мүйіздер көлік жолаушысы – Бөкей ордасы ауданының 1982 жылы туған тұрғынына тиесілі екені анықталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Еске сала кетейік, мұндай құқықбұзушылық үшін үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жаза қарастырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары