Жанар Айжанованың қызы жаңа өмір бастау үшін туыс-туғаннан бата алу мақсатында дастархан жайды, деп жазды turkystan.kz.
Алайда ол бұл кештің өзінің қуанышы емес, анасының аңсаған тойы болғанын атап өтті.
«Бұл ең бірінші анамның тойы, себебі бұл сәтті Алладан күнде дұға етіп тілеген кездерді өз көзіммен көрдім. Көйлекті Сымбат құрбым тігіп берген. Ол күн, ал мен түн тематикасы болдым. Әрбір қонаққа шын ықыласыммен рахметім мен құрметімді білдіремін. Соңына дейін бәрі болды. 50% қонақтарым басқа қаладан ұшып келді. Тик Токтағы желіге 1 айдын шамасында «ыстық нан» болдым. Ас болсын! Аллам бақытым мен абыройымды өсіруде. Үлкен жаңалық бар, бәрі реттелген соң айтамын. Тұзды суым мен «Аятуль курсиім» түгел», – деп жазды А. Адайбекқызы.