Қант көп жеген адам ұйықтай береді – дәрігер

/
Қант көп жеген адам ұйықтай береді – дәрігер
istockphoto.com

Қант бар тағамдарды көп тұтынатын адамдар жиі ұйқышыл, шаршаңқы күйде жүреді, тіпті кейбіреулер күндіз көп ұйықтағысы келеді. Бұл туралы эндокринолог Гүлжан Аманбай айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қант көп жеген адам көп ұйықтайды. Өйткені қант ағзаны шаршатады. Адам қант жеген сайын үнемі шаршап тұрады.

Жалпы көп тамақ ішкен адамға ұйқы да көп керек. Себебі ағза бәрін қалпына келтіру үшін ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан аз-аздан тамақ жеп, ауызды тиіп жүрсек, түнде ұйқы да жақсы болады.

Сонымен қатар кешкі сағат 19:00 -20:00-ден кейін тамақ ішпеуге тырысу керек немесе өте жеңіл-желпі тіскебасар жеген жөн», - дейді дәрігер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары