Америкалық киноакадемия жаңа талап енгізді: енді «Оскар» жүлдесін тағайындайтын қазылар алқасы үміткер фильмдерді толық көрмейінше, дауыс бере алмайды. Бұл туралы hollywoodreporter.com жазды.
Бұрын мұндай нақты міндет болмаған. Енді академия мүшелері қай фильмді, қашан, қай жерде және қалай көргенін көрсететін арнайы форманы толтыруға тиіс. Немесе академияның ішкі стримингтік платформасы арқылы фильмдерді көріп, жүйе арқылы олардың қаралғанын дәлелдеуі қажет.
Бұл өзгеріс жүлденің әділдігі мен сапасын арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Бұрын кейбір фильмдер назардан тыс қалып жатса, енді әр үміткерге тең мүмкіндік беріледі.