«Дәлел жоқ»: Ақтөбеде ауыл әкімінің суреті желіде қызу талқыға түсті

/
«Дәлел жоқ»: Ақтөбеде ауыл әкімінің суреті желіде қызу талқыға түсті
скриншот

Ақтөбе облысында Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ басшысы Ләззат Бердібаева қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Шенеунік гүлдермен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген.

Мұны көрген желі қолданушылары билік өкілінен Үкіметпен қорғалатын гүлдерді неге жұлып алғанын түсіндіруді талап етті. Шенеунік қызғалдақтарды табиғаттағы демалыс кезінде қыздарының бергенін, онда жұлуға болмайтындығы туралы белгі болмағанын айтты.

Полицияның айтуынша, әкімнің гүлдерді жеке өзі жұлып алғаны туралы тікелей дәлел жоқ.

«Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейінірек хабарлаймыз», – деді облыстық полиция департаменті.

Бөлісу: