Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдіріп, оның әзілдеріне байланысты ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әлеуметтік желі қолданушысы Тұрсынбек Қабатовтың сахнада Мөлдірдің өмірі мен күнделікті тіршілігін әзілге қосып, осы арқылы табыс тапқанын жазған.
Бұған жауап берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуінің әрекетін сынға алып, одан халықтан кешірім сұрауды талап етті.
«15 жыл материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді де алдаған. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша тапқаны үшін қазақ елінен кешірім сұрауы керек-ау», – деп жазды ол.