«Балабақшадан орын тауып беремін»: Астанада ата-аналардан ақша алған алаяқ сотталды

/
«Балабақшадан орын тауып беремін»: Астанада ата-аналардан ақша алған алаяқ сотталды
istockphoto.com

Елорда тұрғыны 8 ай бойы 2ГИС қосымшасы арқылы балаларын балабақшаға орналастырғысы келген ата-аналарды іздеп тауып, лармен байланысып, өз қызметтерін ұсынып, таныстары арқылы балабақшадан орын алуға көмектесетініне сендірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның уәделеріне сенген 9 тұрғын оған 590 мың теңге ақша аударған.

Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және мектепке дейінгі ұйымдарға орындарды бөлу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүгінуге шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар