Көктем мезгілінің келуімен өрт қауіпі жоғары кезең басталады. Бұл маусым еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 26 наурыздан, солтүстік және орталық өңірлерде 7 сәуірден, ал шығыста 14 сәуірден басталады.
2025 жылдың басынан бастап еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 га болатын 32 орман өрті тіркелді, олардың пайда болуының негізгі себептері - дала өрті мен құрғақ найзағай.
Айта кету керек, орман өрттерін жою олардың уақтылы анықталуына байланысты, ал орман өрттерін анықтау мен жоюдың тиімді әдісі - ормандарды авиациялық қорғау.
Сондай-ақ, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасуда. Оны енгізу нәтижесінде «Ертіс орманы» резерватының аумағында бір өрттің орташа ауданы 2023 жылғы 11,6 гектардан 2024 жылы 0,1 гектарға дейін төмендеді.
Биыл аталмыш жүйе «Семей орманы» резерваты мен 23 орман шаруашылығында орнатылады. Жыл соңына қарай орман өртін ерте анықтау жүйесімен 5,6 млн. гектар мемлекеттік орман қоры қамтылатын болады.