сейсенбі, 15 сәуір, 2025

АҚШ президенттері алғыс хат жолдады: 14 жастағы оқушы жүрек ауруын 7 секундта анықтайтын бағдарлама жасап шығарды

/
сурет: cryptotimes.io

АҚШ-тың Даллас қаласында тұратын жасөспірім Сиддарт Нандьяла жас мөлшеріне қарамастан медицина мен технология саласына тың жаңалық әкелді.

Ол «Circadian AI» деп аталатын мобильді қосымша жасап шықты. Бұл бағдарлама жүрек қағысын тек 7 секунд ішінде жазып алып, жасанды интеллект көмегімен жүрек ауруларын 96% дәлдікпен анықтайды. Ешқандай сым, датчик немесе дәрігер қажет емес, жай ғана телефон микрофоны жеткілікті.

Сиддарт – Oracle және ARM компанияларынан жасанды интеллект бойынша ресми сертификат алған әлемдегі ең жас маман. Оның ойлап тапқан технологиясы АҚШ пен Үндістандағы 15 700 пациентке сыналып үлгерді.

Жас өнертапқыштың еңбегі елеусіз қалған жоқ: бұрынғы АҚШ президенттері Барак Обама мен Джо Байден оған арнайы алғыс хат жолдаса, Андхра-Прадеш штатының басшысы Н. Чандрабабу Найду Сиддартпен жеке кездесіп, қолдау білдірді.

Бұл жетістік жасанды интеллекттің денсаулық сақтау саласындағы әлеуетін ғана емес, сонымен қатар жас буынның ғылым мен технологияда қандай керемет жетістіктерге жете алатынын көрсетті.

Бөлісу: