Әнші туған күніне тек қана қыз-келіншектерді шақырған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіде жазды. Қарақат Әбілдина жаңа жасын көктемге теңеген. Бұл оның өмірінде көктемде болатын оң өзгерістерге ұқсас жайттардың болып жатқанын аңғартса керек.
«Менің көктемім. Туған күнімді тек қыздар болып тойладық. Ақ тілегін арқалап, аппақ болып келген ақ жүректеріме алғысымды білдіремін», – деп жазды әнші.