Қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы

Қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы

Министрлік техногендік-минерал­дық қалдықтарды өңдеуге арналған ар­найы лицензия енгізу мәселесін қарас­ты­руда.

Осы аптада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселелері туралы Үкімет отырысында баяндама жасады.

Министр Қазақстанда 1 747 техно­ген­дік-минералдық қалдықтар тіркелген, олар­­дың жалпы массасы 55 млрд тонна­ны құрайтынын атап өтті. Олардың не­гіз­гі бөлігі Павлодар, Қарағанды және Қос­­­­танай облыстарында орналасқан, жә­не 67 пайыздан астамы бөлу балансын жүр­гізуді талап етеді.
– Бүгінде сирек металдар және си­рек жер металдары саласын дамыту­дың Кешенді жоспары аясында, техно­ген­дік-минералдық қалдықтарды ин­вен­та­ризациялау жұмыстары басталды. Осы жұмыстар қалдықтарды бағалауға, өң­деу­ге және экологиялық жобаларға ин­вес­тиция тартуға мүмкіндік береді, – деді Е.Нағаспаев.
Қазақстанда техногендік-минерал­дық қалдықтарды өңдеу деңгейі шамамен 11 пайызды  құрайды, ал дамыған елдер­де бұл көрсеткіш 70-80 пайызға жетеді. Қа­зірдің өзінде мыс, алтын, темір және бас­қа да шикізатты өндіру кезіндегі қал­дықтар қайта өңделіп жатыр.
Мысалы, Ұлытау облысындағы Коун­рад компаниясы өз кен орнының тех­но­гендік қалдықтарын пайдаланып, жы­лы­на 12 мың тонна мыс өндіреді – бұл елі­­­­­­міздің бүкіл мыс өнеркәсібінің 2,8 пайы­­зын құрайды. Соңғы екі жылда қал­дықтарды қайта өңдеуге арналған жал­пы со­масы 47,8 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылған.
Министр алдағы 2 жылда құны 37,3 млрд теңге болатын 4 жоба іске асы-ры­ла­тынын айтты. Одан бөлек, қазір өнер­кә­сіп қалдықтарын қайта өңдеуге ар­нал­­ған 330 млрд теңге болатын 25 жоба іске асырылу­да. Сомасы 133,8 млрд теңге болатын 8 жо­ба іске қосылды. Сондай-ақ осы жылы 110  миллиард теңгеге 7 жоба­ны іске қосу жос­парланып отыр.
Жүзеге асырылып жатқан жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға және саланың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
– Техногендік-минералдық қал-дықтар мәсе­лесін шешу және арнайы өндеу орын­дарына жеткізу үшін заңнамалық нормалар әзірленіп жатыр. Бұл, әсіресе, экологиялық проблемасы бар моноқала­лар үшін өте маңызды, – деді Министр.
Министрлік техногендік-минерал­дық қалдықтарды өңдеуге арналған ар­найы лицензия енгізу мәселесін қарас­ты­руда. Осы ұсынылған шаралар эколо­гия­лық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ өндірісте жаңа шикізат көздерін пай­далануға мүмкіндік береді.

Бөлісу: