Үлескерлерден заңсыз түрде 303 млн теңге алған құрылыс компаниясына іс қозғалды

/
Үлескерлерден заңсыз түрде 303 млн теңге алған құрылыс компаниясына іс қозғалды
istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстауда «Өзен көлік құрастыру зауыты» ЖШС басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлескерлік құрылыс ретінде заңсыз тарту фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында «Astana Rich Village» тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген.

Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.

 Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын-ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 млн теңгеден асты.

Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған.

Залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке — тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне — тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынды, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары