Зұлхайыр Мансұров: Нанотехнологияны дамыту үшін соңғы үлгідегі микроскоп керек

/
Зұлхайыр Мансұров: Нанотехнологияны дамыту үшін соңғы үлгідегі микроскоп керек

Зұлхайыр Мансұров – елімізге белгілі ғалымдардың бірі, химия ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыдағы Жану проблемалары институтының ғылыми жетекшісі. еліміздегі химия ғылымының дамуына зор үлес қосып жатқан ғылым ордасына барып Зұлхайыр Мансұровпен сұхбаттасып, Жану проблемалары институтының істеп жатқан жұмысы, қол жеткізген табысы жайында әңгімелескен едік. Атап айтқанда, институтта пеш қалауға арналған отқа төзімді «Фурнон» материалдары, дәнекерлеу электродтары, құрылыс жұмыстарына арналған пигменттер мен бояулар, ағын суды тазалауға арналған көміртекті сорбенттер, қышқылға төзімді материалдар, дәнекерлеу электродтарын қаптауға арналған флюстер мен шихталар, детальдар мен бұйымдар алуға арналған толтырғыш полимерлер, оттан қорғаушы коррозияға қарсы «Бірлік-М» қаптамасы, тұрмысқа қажет отын брикеттері жасалып, өндіріледі. Инстиутта өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез көмегімен отқа төзімді заттар алу, гибридтік технологиялар, композициялық материалдар, жалын негізінде синтез, құрылысқа қажетті және функционалды керамика, өздігінен таралатын жоғары температуралық синтез көмегімен катализаторлар және пигменттер алу, көмірсутектердің жану проблемалары, құрылыс материалдары, қозғалтқыштардағы жану процестері, турбуленттік жану және материалтану секілді он зертхана жұмыс істеп тұр.

– Зұлхайыр Аймұхаммедұлы, сұх­бат­тың негізгі сұрақтарына көшпес бұрын өмір жолыңызға қысқаша шолу жасап алсақ. Туып-өскен, оқы­ған жерлеріңіз туралы айтып өтсеңіз.

– Менің әкем Аймұхаммед Мансұров Се­мей облысында (қазіргі Абай облысы) ту­ған кісі. 1938 жылы Абай атындағы Се­мей қазақ педагогикалық техникумын бі­­­­тірген соң 1941 жылға дейін Абыралы ау­данындағы Қайнар мектебінде мұғалім, соңынан мектеп директоры болып еңбек ет­кен. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік со­ғыс басталғанда әскерге алынып, 1943 жы­лы майданда ауыр жараланып, туған же­ріне оралған. Елге келген соң 1945-1962 жыл­дар аралығында Талдықорған облы­сы­ның Сарқан, Ақсу, Панфилов, Алматы об­лысының Іле, Жамбыл аудандарында ау­дандық партия комиетінің хатшысы бо­лып еңбек еткен. Одан соң Алматы об­лысы кәсіподақ ұйымында, Қазақстан ор­талық комитеті кадрлар бөлімінде бас­шы­лық қызметте болған. Анам Мәкен Тұр­сынбекқызы да Семей облысы Абы­ралы ауданының тумасы. Екеуі төрт ұл, үш қыз­ды (Зұлқайыр, Тайыр, Бәкір, Қайыр, Ба­қытгүл, Гүлнар, Гүлнәфис) тәрбиелеп өсір­ді. Мен әкем Сарқан ауданында бас­шылық қызметте жүргенде дүниеге кел­генмін. Ақсу ауданында жүргенде орта мек­­­­­тепке бардым. Мектепті Талғарда бі­тір­дім. Менің бастапқыда геолог болғым келді. Өйткені елімізде көптеген үлкен кен ор­нын ашқан атақты ғалым Қаныш Сәт­паевтың даңқы аспандап тұрған кез еді, соған қызықтым. Бірақ анам «геологтар үне­мі үй көрмей айдалада қаңғып жүреді, сен­де сөйтесің бе?» деп менің талабымды қос­тамады. Оның үстіне оқуға түскен шақ­та СССР-ды билеп тұрған Н.Хрушевтің «Со­циализм, коммунизм дегеніміз электр­лен­діру мен химияны дамыту» дейтін атақ­ты мәлімдемесі болатын. Сөйтіп, С.Ки­рова атындағы Қазақ мемлекеттік уни­вер­си­тетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қаз­ҰУ) химия факультетіне оқуға түсіп, хи­миялық физика бағытында, жану проб­лемалары бойынша білім алдым. Одан соң сол оқу орнының аспирантурасын бітіріп, 1973 жылы кандидаттық, 1990 жылы док­тор­лық диссертациямды қорғадым. 2010 жыл­ға дейін ҚазҰУ-да кіші, аға ғылыми қыз­меткер, зертхана меңгерушісі, кафедра мең­герушісі, проректор қызметтерінде бол­дым. 2010 жылы Жану проблемалары инс­титутына бас директор болып жұ­мыс­қа келдім. Содан бері осы жерде еңбек етіп келемін. Қазір осында бас директордың кеңесшісі, институттың ғылыми жетек­ші­сімін.

– Сіз елімізге белгілі химик ғалым­дар­дың бірісіз, сондықтан өз салаңыз жайында жақсы білесіз. Тәуелсіздік тұ­сында химия ғылымы елімізде қа­лай дамыды? 

– Әрине, елімізде химия ғылымы Кеңес одағы дәуірінде жақсы дамыды, тәуел­сіз­діктен бері де жақсы нәтижелерге қол жет­кіздік. Біздің зерттеулеріміз әлемдік ғы­лыми ортада жоғары бағаланады. 
Өз саламыз жөнінде айтсам, химиялық фи­зиканың материалтану саласы жа­рыл­ғыш заттар технологиясы мен пиро­тех­ни­­­­калық материалдар және нанотех­но­логия деп екіге бөлінеді. Пиротехникалық материалдар кен орындарында, әскери мақсатта жарылғыш заттарды пайдалану бол­са, нанотехнология наномате­риал­дар­ды зерттейді. Біз осы бағыттарда жұмыс іс­тейміз. Жетістіктеріміз аз емес. Өзім қа­зір екі докторантқа сабақ беріп жа­тыр­мын, дүйсенбі күні жарылғыш заттар, жану проблемалары бойынша, жұма күні нано бойынша оқытамын.
Химия – өте ауқымды ғылым, ол өмірдің бар­лық саласында қолданылады. Меди­ци­на, экология, зиянсыз өнімдер өндіру са­ла­­ларының бәрі химиямен тығыз бай­ла­нысты. Сондықтан елімізде химия ғылы­мын­­да жетістік көп. Оның бәрін тізбелеп айтып шығу үшін көп уақыт керек. 
Бізде химияның түрлі бағыты бойын­ша халықаралық конференциялар өтіп тұрады, арнайы ғылыми журнал­дары­мыз бар. Мысалы, өзім орыс және ағыл­шын тілінде тоқсан сайын шығатын «Го­ре­ние и плазмохимия» және «Euroasian chemico-technological journal» деген екі жур­налға басшылық жасап отырмын.
Өз саламыз бойынша 2005 жылы орыс ті­лінде «Химической физике Казахстане 25 лет» деген арнаулы жинақ шығарған едік, биыл «Химической физике Казах­ста­не 45 лет» деген кітап дайындап жатырмыз, сол жинақта химиялық физиканың елі­міздегі дамуы жайында мәліметтер бері­леді.

– Сұхбат барысында байқап отыр­мын, қа­зақ тіліне қарағанда орыс ті­ліне жүйріктеу көрінесіз және ағыл­шын тілін жақсы игеріпсіз. Әрине, ғы­лым қай тілде дамыса сол тілде ба­сымдық болатыны белгілі, деген­мен қазақ тілін ғылым тілі етуге бола ма?

– Мен мектепте және университетте шет тілі ретінде неміс тілін оқығам. Ал ғы­лым тілі ағылшын тілі, ғылымға қатыс­ты нәрсенің бәрі сол тілде жазылған. Сон­дықтан мен кейін ағылшын тілін мең­гер­дім. 1981 жылы Лондон университетінде (Ұлыб­ритания) 10 айлық ғылыми тағы­лым­дамадан өттім. 
Қазақ тілін ғылым тілі ету қажеттігі жайын­да айтып қалдың ғой, тілге қажет­ті­лік болмаса ол қай салада да дами қой­май­ды, қазір ғылым тілі негізінен ағыл­шын тілі болғандықтан әлем бойынша сол тіл­ді меңгеруге күш салып жатыр. Шынын айт­сам, қазір ағылшын тілін қазақ тіліне қара­ғанда көбірек білем десем артық айт­қандық болмас. Себебі қажеттілік бар. Сон­дықтан бүгінгі ғылымға келген жас­тар­ға ағылшын тілін білу міндетті. Өйт­ке­ні ғылыми кітаптардың түгелге жуығы сол тілде шығады, таралады.
Қазір біздің елдегі халықтың саны 20 миллионнан енді асып жатыр ғой, оның ішін­де қазақ тілін меңгермегендердің са­ны аз емес. Егер елдегі халық саны көп бо­лып, бәрі қазақ тілін жете меңгеріп жат­са қазақ тілі де белгілі бір дәрежеде ғы­лым тіліне айналары анық. Сондықтан біз де болашаққа қажет болар деп өз сала­мыз­дағы оқулықтарды қазақ тілінде шы­ғаруға, өзге тілдерден аударуға күш салып жа­тырмыз. Мәселен, 2012 жылы өз сала­мыз­ға қатысты «Жану. Физикалық және хи­миялық аспектілер, тәжірибелер, лас­тау­шы заттардың пайда болуы» атты оқу­лықты (авторлары Юрген Варнатц, Ульрих Маас, Роберт Диббл) Байдәулет Урмашев екеу­міз ағылшын тілінен қазақ тіліне ау­дарып бастырып шығарып, оқу орын­дары­на, кітапханаларға тараттық.

– Ғылыми ортадан алыс былайғы жұртқа көп нәрсе түсініксіз көрінеді. Сондықтан өзіңіз еңбек етіп жатқан Жану проблемалары институты нені зерттейтіні, қандай проблемаларды шешуге көмегі тиетіні жайында толы­ғырақ айтып берсеңіз.

– Біздің ғылыми-зерттеу институты жа­нуға қатысты барлық процестерді зерт­тейді, яғни, жарылғыш заттарды, жану про­цестеріне қатысты әртүрлі механизм­дер­ді, жаңа материалдар алу жайын. Біз­де­гі зерттеу бағытының тағы бірі – нано­тех­­нология. Бұл енді ғана пайда болып, қа­лыптасып жатқан ғылымның бірі (оның өлшем бірлігі – нанометр, бұл метр­дің миллиардтан бір бөлігін көрсетеді). Оның мақсаты – жану процестері арқылы наноматериалдар алу. 
Бізде он зертхана бар, олардың әрқай­сы­сы әр бағытта жұмыс істейді. Мысалы, на­нотехнология зертханасында жану ке­зінде жаңа материалдар алу мәселесіне кел­сек, оның жолы әртүрлі. Көптеген зат хи­миялық тұрғыдан алғанда бірікпейді, ал жану процесінде бірікпейтін заттар қо­сылып кетеді. Сондықтан жану процесі хи­миялық зерттеуге жаңа мүмкіндіктер бере­ді. Жанудан кейін заттар басқа күйге ауы­сатыны белгілі, мысалы күлге айна­ла­ды дегендей. Соның өзі әртүрлі болуы мүм­кін. Мысалы, ЖЭС-терден шыққан кө­мір күлдерінің құрамында отқа жан­бай­тын металдардың өте ұсақ бөлшектері кез­­деседі. Оларды суды немесе суарна­лар­ды тазалауға арналған сүзгі (фильтр) жа­сау­ға пайдалануға болады. Сондай-ақ кө­мірден газ шығады, көмірдің күлдерін қай­та өңдеу арқылы физикалық-механи­ка­лық қасиеттері бар заттар алынады.
Жану кезінде заттар жай жанып кете сал­майды, жану арқылы екінші күйге ауы­сып, жаңа түрге айналатындықтан оны зерттеу және жаңа материалдар алу хи­мия­лық зерттеулердің маңызды объектісі. 
Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер өте өзекті. Соны шешу жолында осы инс­ти­туттағы ғалымдар мен лаборанттар өн­дірістен шыққан шикізат қалдықтарын жи­нап, қайта өңдеу арқылы жаңа ма­те­риал алу жолын зерттейді. Мәселен, элект­ро­­ника бағытында энергияны өзінде сақ­­тап тұратын конденсаторлар, яғни ак­­ку­мляторлар мен батареялар жасауға қал­­дықтан өндірілген материалдарды қол­­дану тиімді. 

– Мені өрт болған жағдайда отқа қар­сы тұра алатын, яғни жанбайтын ма­териалдар қызықтырады. Сіздің инс­титуттың зерттеулері негізінде от­қа төзімді қандай материалдар жа­сал­ды және оны өндіріске енгізу мә­селесі қалай болып жатыр?

– Иә, институтымызда отқа төзімді ма­териалдарды жасайтын зертхана бар. Хи­мия ғылымдарының кандидаты В.Еф­ремов басқаратын ол зертханада мате­риал­дарды өңдеу арқылы оны отқа төзім­ді, яғни жанбайтын қылып жасап шығады.
Бұл зертханада екі сағатқа дейін өртке төзімділік өнімділігі бар, ең жақсы әлемдік ба­­ламалармен салыстыруға болатын            X-FLAME өртке төзімді көбікті жабыны жа­сал­ды. Өртке төзімді жабындар өрт ке­зін­де металдың қызуын 500°C тем­пера­турадан асырмай ұстап тұрады. Бұл металл қызды­рыл­ған немесе ашық жалынға ұшыра­ған кезде жабын көбіктеніп, жылу өткізгіштігі тө­мен, қалыңдығы бастапқы қа­баттан бір­неше ондаған есе үлкен жо­ғары кеуекті кө­міртекті қабат түзеді.
Қазір X-FLAME өртке төзімді көбікті жа­бынын жылына 100 тонна мөлшерінде өн­діретін өндіріс желісі құрылды, бұл оған Қа­зақстан Республикасының құрылыс қа­жеттіліктерін ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

– Осындай отқа төзімді материал­дарға деген сұраныс қандай? Тапсырыс бере­тіндер көп пе?

– Бізде Төретай көшесінде өндіріс учас­кесі бар. Онда жаңағыдай отқа төзімді материалдар жасалады. Оған жеке ком­па­ния­лардан тапсырыс түсіп жатады. Демек, мұн­дай материалдарға сұраныс бар деген сөз.

– Кейінгі кезде өрттен адам шығыны болып жатыр. Үйлерде тез жа­натын ағаш және пластик, резина ма­териалдар көп. Құрылыста көп пай­даланатын осындай материалдарды қайта өңдеп, химиялық құрамын өз­гер­тіп, отқа жанбайтын етуге бола ма?

– Иә, ондай материалдар бар, бізде зерт­ханаларда жасалып жатыр. Біз оны жасап көрсетеміз, патенттейміз. Ал оны өн­діру, өндіріске енгізу мәселесі біздің құ­зырымызда емес. Оған мемлекет ақша бөліп, зауыттар салмаса, көпшілікке қол­жетімді қылып шығару мүмкін емес. 
Біз конкурстарға қатысып грант ұтып ала­мыз, ал ол тек зерттеулерге ғана бөлі­не­д­і. Біздің зерттеулер арқылы тапқан, аш­қан жаңа материалдарды (оның ішінде от­қа төзімді материалдарды) пайдалану, өн­діріске енгізу, сату мемлекеттің еркіндегі шаруа. Демек, мәселенің экономикалық жа­ғы біздің құзырымызда емес.

– Қаржылық жағдайларыңыз қа­лай, қажетті құрал-жабдықтар, ла­боротория, т.б. мәселелер толық қам­тылған ба?

– Жалпы алғанда, жаман емес деуге бо­лады. Мемлекет конкурс жария­лай­ды, біз қатысып, грант ұтып аламыз, сосын зерт­теу жұмыстарын жүргіземіз. Таяуда мем­лекет жас ғалымдарға арнап конкурс ұйым­дастырды. Оған 40 жасқа дейінгі ға­лым­дарымыз қатысып, грант ұтып алды. Биыл біздің институттың ғалымдары 25 жоба бойынша зерттеулер жүргізіп, ғы­лы­ми жұмыс жазды. Мұның бәрі жақсы, де­ген­мен проблема мүлде жоқ десем өтірік б­олар. Мәселен, біз секілді ғылыми-зерт­теу институттарына өте қажет, қымбат электрон микроскоптар бізде жоқ... 
Мен жақында Қытайдың металдарды зерт­теу институтында болдым. Сонда ә­р­бірінің құны 1 миллион доллар тұратын 2 және әрбірінің құны 10 миллион доллар тұратын 2 электрон микроскоп көрдім. Ол нанотехнологиялық зерттеулер үшін аса қажет құрал ғой. Ол бізде жоқ болған­дық­тан, біздің докторанттар үш жылда бір рет шетелге шыққанда өздері жасаған на­номатериалдарды алып барып, әлгіндей микроскоп арқылы көреді. Ал оны ақысыз көре алмайсың. Бізде он жыл бұрын алын­ған микроскоптар ескіріп қалды, қазір ондай құралды әлемдік нанотехникалық зерттеу орталығында пайдаланбайды. Де­мек, зерттеуіміз тиянақты болуы үшін біз­ге соңғы үлгідегі электрон микрос­коп­тар керек. Соны сатып алуға көмектесіңіз деп Білім және ғылым министрлеріне хат жазам, ал олар жиі ауысып жатады. Бірақ кө­мек қолын созған емес. 
Тағы бір айтатын нәрсе – қазір ғылым жо­лында жүрген жастар Scopus мәліметтер ба­засына кіретін импакт-факторлы жур­нал­дарға мақалаларын шығаруға тиіс. Ол оңай емес. Ондай журналдарға материа­лың­ның ғылыми стандартқа келуі бір қиын­дық болса, ақша төлеп, кезек күтіп барып бастыру – тағы бір қиындық. Елімізде шы­ғатын, Scopus жүйесіне кіретін бірінші дә­режелі ғылыми журнал жоқ. Мен шы­ғарып отырған «Euroasian chemico-technological journal» Scopus жүйесіне кіргенімен, үшінші дәрежелі журнал. Ағылшын тілінде шыққанымен мұнда жарияланған мате­риал­дарды бүкіл әлем оқымайды. Ал бұл жур­налды бірінші дәрежелі журнал ету үшін жылына 50 мың доллар төлеу қажет. Міне, жоғарыда айтып кеткен қымбат мик­роскоп пен журналдың рейтингін кө­теруге қаражат сұрап жо­ға­ры­дағы кісілер­ге сан рет хат жаздым, – жауап жоқ. Егер құ­ны қымбат тұратын микрос­кобымыз бол­ғанда ғалымдарымыз өздері тапқан на­номатериалды қарап, зерттеу үшін өзге ел­ге ақша төлеп жүрмес еді, сол сияқты Scopus жүйесіне кіретін өз импакт-фак­торлы бірінші дәрежелі жур­налымыз бол­ғанда, жас ғалымдар шет­елдік журнал­дарға материалын шығара алмай қиналып жүрмес еді. 
Тағы бір айтпай кетуге болмайтын нәр­се – докторанттарымыздың тағы­лым­дамадан өту мәселесі. Бұрын док­торант­тарға шетелден тағылымдамадан өту үшін 3 ай уақытқа қаражат берілетін болса, қазір 1 жарым айға ғана жететін ақша бе­ріледі. Сосын, шетелдік ғылыми орта­лық­тарда зерттеу жүргізуге және жетек­ші­лік ететін шетелдік ғалымға ақша төлеу қа­жет. Мемлекет бұрын оған көмектесетін, қа­зір қаржы бөлуді тоқтатты. Бұл ай­тыл­ған нәрселер елімізде ғылымның дамуына ке­дергі болатын факторлар дер едім. Осы­ны сіздің газет арқылы тиісті орындардың назарына тағы бір рет салып қойсам, ар­тық болмас деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет! Ғылымды да­мыту жолында жасап жатқан жұ­мыс­тарыңызға табыс тілейміз.

Сұхбаттасқан –
Ахмет ӨМІРЗАҚ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары