жұма, 18 сәуір, 2025

«Таза Қазақстанның» маңызы сөз болды

Іс-шараның басты мақсаты – «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау және су ресурстарының маңыздылығына на­зар аудару, суды ұтымды пайдалану мә­де­ниетін қалыптастыру және экологиялық сананы дамыту.

17 наурыз күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жараты­лыстану ғылымдары факультетінде «Жастар Рухы» жастар қанаты мен «Эколог» ғылыми-студенттік клубының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында және Дүниежүзілік су ресурстары күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – «Таза Қа­зақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау және су ресурстарының маңыздылығына на­зар аудару, суды ұтымды пайдалану мә­де­ниетін қалыптастыру және экологиялық сананы дамыту.
Дөңгелек үстел барысында студенттер су ресурстарының экожүйелердегі рөлін, олар­дың тіршілік үшін маңыздылығын жә­не оларды сақтау қажеттілігін тереңірек тү­сінді. Сондай-ақ қаламыздағы маңызды су айдындары мен су-батпақ алқаптарының эко­жүйеге тигізетін оң әсері туралы ақпа­рат алды.
«Таза Қазақстан» акциясының аясында мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қор­ғау­ға бағытталған экологиялық мәдениетті қа­лыптастыруға ықпал етеді. Дөңгелек үс­телге қатысушылар өз білімдерін жетіл­діріп қана қоймай, экологиялық жауап­кер­шілікті арттырып, суды ұқыпты пайда­лану­дың маңыздылығын түсінді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары