Ұлттық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Ұлттық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Отырыс қорытындысы бойынша айтылған барлық ұсыныстар мұ­қият талданып, заң шығару қызме­тін­де ескерілетін болды.

Іс-шара барысында Ұлттық қауіпсіз­дік­ті қамтамасыз ету, заңнама және ұйым­дастыру базасын жетілдіру, тиімді ақ­параттық саясатты іске асыру, сондай-ақ халықтың осал топтарымен жұмыс жө­ніндегі кешенді шараларға басты на­зар аударылды.
Сенат комитетінің төрағасы Андрей Лукин экстремизм көріністерінің алғы­шарт­тарын анықтау мен жолын кесу, ха­лық­аралық терроризмнің таралуына жол бермеу жөніндегі кешенді көзқарас­тың маңызына тоқталды. Бұл қа­тер­лерге қарсы іс-қимыл заңнамалық ба­заны жетілдіру, киберқауіпсіздікті кү­шейту және мемлекеттік органдар мен қо­ғамдық институттардың өзара белсен­ді іс-қимылын талап ететіні атап өтілді.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында біздің мәдениетімізге қай­шы келетін бүлдіргі ағымдар мен идео­логияға тосқауыл қойып, заңнаманы жаңа жағдайға бейімдеу қажет екенін атап өтті. Терроризм мен экстремизмге қарсы кү­рес әртүрлі мемлекеттік құры­лым­дар, құ­қық қорғау органдары, ар­найы қыз­меттер, министрліктер мен мекемелер ара­сындағы үйлестіруді талап етеді. Алай­да кейде үйлестіру мен функ­ция­лар­дың қайталануы байқалады, – деді Андрей Лукин.
Отырысқа қатысушылар терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы халық­аралық ынтымақтастық мәселелерін, цифрлық технологияны дамытуға байла­ныс­ты сын-қатерлерді, сондай-ақ жас­тар­­дың радикалдануын болдырмау жө­нін­дегі шараларды талқылады. Халық­тың осал топтары арасында алдын-алу жұ­мыстарын күшейту және интернеттегі экстремистік белсенділікті бақылау те­тік­терін жетілдіру қажеттігіне ерекше на­зар аударылды. Отырыс қорытындысы бойынша айтылған барлық ұсыныстар мұ­қият талданып, заң шығару қызме­тін­де ескерілетін болды.

А.БИМЕНДІ
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары