Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Самарқандта Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.