сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам 12 күннен бері іздестіріліп жатыр

/
gov.kz
Lider.kz еріктілер тобының мәліметінше, іздеу барысында кең аумақ қамтылды, алайда әзірге нәтиже жоқ

33 жастағы Ерлан Есмағамбетовті іздеу жұмыстары жалғасуда. Іс-шараларға қосымша күштер тартылды, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, бүгін, 29 наурыз күні сағат 10:00-де құтқарушылар Жаңаөзеннен 102 шақырым жердегі Темірбаба қорымы аумағында іздестіру жұмыстарын бастады. Іздестіру шараларына бес қызметкер, бір арнайы техника және екі кинологиялық есеп жұмылдырылды. «Iridium» спутниктік байланыс жүйесі қолданылуда. Сондай-ақ іздестіру шараларына жоғалған адамның екі туысы өз автокөлігімен қатысуда.

Қосымша түрде Маңғыстау облысы полиция департаментінен үш арнайы көлікпен сегіз құқық қорғау қызметкері жұмылдырылды.

Lider.kz еріктілер тобының мәліметінше, іздеу барысында кең аумақ қамтылды, алайда әзірге нәтиже жоқ.

Еске салайық, Ерлан Есмағамбетов 17 наурыз күні сағат 05:00 шамасында «Кендірлі» демалыс орны маңында жоғалып кеткен. Ол Ақтауға жету үшін жолшыбай көлікке отырған. Біраз қашықтық жүргеннен кейін көліктен түсіп қалған. Негізгі асфальт жолға жету үшін оған шамамен 20 минут жаяу жүру керек болған.

Еріктілер халықтан көмек сұрап, кейін 10 автокөлікпен жергілікті жерде іздеу жұмыстарын жүргізді.

Бөлісу: