Олардың қайығы аударылып кеткен.
Жетісу облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы жұмыс істемейтін қант зауытының тоғанында екі адам суға батып кете жаздады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жағадан 60 метр қашықтықта судағы қайыққа жармасып тұрған екі адамды көріп, жағаға алып шыққан.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 1962 және 1988 жылы туған екі азаматтың қауіпсіздік талаптарын бұзып, құтқару кеудешесін кимей балық аулауға шыққаны белгілі болды. Олардың біреуі қайықтан абайсызда аударылып кеткен, ал екіншісі алдымен құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған, содан кейін досын құтқаруға ұмтылған. Алайда өзі де судан шыға алмай қалған. Судың төмен температурасына байланысты екеуі де қатты тоңып қалған.