306
Тағы бір елде TikTok желісіне тыйым салынды
TikTok-та зорлық-зомбылық әрекеттері көбейіп, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында қысым күшейген

Албания билігі ел аумағында TikTok әлеуметтік желісін уақытша бұғаттады.
24kz арнасының мәліметінше, бұл шешім 2023 жылдың қарашасында қабылданғанымен, тек енді ғана іске асырылып отыр. Биліктің мәлімдеуінше, TikTok-та зорлық-зомбылық әрекеттері көбейіп, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында қысым күшейген. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар арасындағы жанжалдар ушығып, қайғылы жағдайлар тіркелген. Соның бірі – TikTok-та жанжалдасқан екі оқушының бірі екіншісіне пышақ салып, мерт қылғаны.
Осыған байланысты елдің Білім министрлігі TikTok әкімшілігіне ата-аналарға балалардың аккаунтын бақылау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Ал Албания үкіметі аталған әлеуметтік желіні ел аумағында бір жылға шектеді.