Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер барып, тергеу басталды
1 наурыз кешкі уақытта Сырыма Датұлы көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттардың бірінен тұрақты мекенжайы жоқ ер адамның мәйіті табылды.
Atyrauoil Telegram-арнасының мәліметінше, қазіргі уақытта марқұмның тұлғасы анықталмаған.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен дәрігерлер барып, тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, ер адам ауа райының суықтығынан көз жұмған болуы мүмкін. Алайда өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.