Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінде» боксшыларымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Кеше ерлер арасында жартылай финалдық бәсекелер толығымен аяқтады. Жартылай финалда жұдырықтасқан 18 боксшының 14-і финалға шықты. Олар:
51 келі. Даниял Сәбит;
54 келі. Тимур Қабдешов;
60 келі: Серік Теміржанов;
63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов;
63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы;
67 келі. Төрехан Сабырхан;
71 келі. Абылайхан Жүсіпов;
71 келі. Фарух Тоқтасынов;
75 келі. Сабыржан Аққалыков;
75 келі. Тимур Нұрсеитов;
80 келі. Ерасыл Жақпеков;
86 келі. Нұрбек Оралбай;
86 келі. Бекзад Нұрдәулетов;
+92 келі. Айбек Оралбай.
Ал әйелдер құрамасынан финалға 7 боксшы шыққан болатын. Олар:
48 келі. Әйгерім Сәттібаева;
54 келі. Әнел Сақыш;
57 келі. Айдана Забынбекова;
60 келі. Римма Волосенко;
81 келі. Жібек Жарасқызы;
+81 келі. Ләззат Күнгейбаева;
+81 келі. Дина Исламбекова.
Осылайша ерлер мен әйелдер құрамасын қоса есептегенде жалпы 21 боксшы алтын жүлде үшін шаршы алаңға шығады.