358
Атырау маңындағы пойыз апатынан үш машинист зардап шекті
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған азаматтар облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады

Атырау облысында Теңдік станциясы маңында болған пойыз апаты салдарынан үш машинист ауыр жарақат алды.
Kazinform.kz мәліметінше, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жарақат алған азаматтар облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
– Бүгін Атырау облысында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш азамат ауыр жарақат алды. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің толық бақылауында. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауырдеп бағалауда. Науқастардың сауығып шығуы үшін барлық қажетті шаралар қабылданды, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.