Біржан сал ауданының прокуратурасы «Пайдаланылмаған жерлерді қайтару» жобасын іске асырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өткен айда прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде кадастрлық құны 492,6 млн теңгені құрайтын 121 мың гектардан астам жайылымдық жертелімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер учаскелері оларды пайдалану жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамаған «Sulu Daria» ЖШС-нен сот шешімі негізінде мемлекетке қайтарылды.
Осылайша, ауданда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасын табуда. Бұған дейін прокуратураның жобасы аясында 26 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.
Қайтарылған жерлерді тиімді пайдалану мақсатында қадағалау органы жергілікті атқарушы органдарға аталған жерлерді ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу және әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыру үшін адал ниетті жергілікті тұрғындар мен инвесторларға беру жөнінде бағыт-бағдар берді.