272
Гроссмейстер Борис Спасский өмірден өтті

Кеңес Одағының әйгілі шахматшысы, әлем чемпионы Борис Спасский 88 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Ресей шахмат федерациясы хабарлап, оның қазасын «Ресей үшін ауыр қаза» деп атады.
Спасский 1969 жылдан 1972 жылға дейін шахматтан әлем чемпионы болды. Алайда 1972 жылы ол атағын америкалық гроссмейстер Бобби Фишерге берді.
Бұл тарихи матч шахмат әлеміндегі ең үлкен қарсыластықтардың бірі болып қана қоймай, АҚШ пен КСРО арасындағы «Қырғи қабақ соғыстың» символына айналды.
1976 жылы Борис Спасский Францияға қоныс аударып, 1978 жылы сол елдің азаматтығын алған еді.