Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт адам ұсталды

/
Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт адам ұсталды
istockphoto

Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген бір Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ведомстволық сайтының мәліметінше, "Заңсыз келуші – 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның үш азаматы мен бір шетел азаматы ұсталған.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төрт күдіктінің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Іс-шара барысында полицейлер көші-қон заңнамасын бұзудың 293 дерегін анықтаған. Атап айтқанда, шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының 53 дерегі, сондай-ақ шетелдіктердің елге келгені туралы ішкі істер органдарына уақытылы хабарламау және олардың елде болу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етпеудің 63 дерегі тіркелген.

Шетел азаматтарын тиісті рұқсатсыз заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар сот шешімдерімен 77 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлеп шығарылған.

"Жедел-профилактикалық іс-шара барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген төрт адам да ұсталды. Олардың біреуі – Қазақстан азаматы, үшеуі – ТМД елдерінің азаматтары", - деп қосты полиция.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары