Странджа кубогі: Айбек Оралбайдың жекпе-жегі бірінші раундта тоқтатылды

Странджа кубогі: Айбек Оралбайдың жекпе-жегі бірінші раундта тоқтатылды
Сурет: ҰОК
170

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай Болгарияда өтіп жатқан 2025 жылғы Странджа кубогінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жарыстың 1/8 финалында 92 келіден жоғары салмақтағы Айбек пәкістандық Абдул Вахаб Тахирмен жұдырықтасты. Бұл кездесу бірінші раундта тоқтатылып, Айбек техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Енді 1/4 финалда Айбек франциялық Годстим Идемудиямен кездеседі. Идемудия болса 1/8 финалда өзбекстандық Арман Махановты жеңген.

Серіктес жаңалықтары