189
Странджа кубогі: Нұрбек Оралбай бірінші қарсыласын нокаутпен жеңді
Отандасымыз француз боксшысымен кездесті.

Париж Олимпиадасының жүлдегері қазақстандық Нұрбек Оралбай Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
86 келі салмақта жұдырықтастатын Нұрбек жарысты 1/8 финалдан бастап, ринг қожайыны Мануэль Жечевпен кездесті.
Екінші раундта Нұрбек қарсыласын есеңгіретіп жіберді, соққының ауырлығынан Жечевтің капасы ұшып кетті. Осыдан кейін жекпе-жек мүлде тоқтатылып, қазақстандық бкосшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.