Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты Әйтеке би ауылынан Қызылорда қаласына дейінгі учаскеде жол жабылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті.
2025 жылғы 23 ақпан сағат 21:30–да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы» автожолының 1474-1806 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Әйтеке би ауылы — Қызылорда қаласы) республикалық автожолында көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды 2025 жылғы 24 ақпан сағат 03:00–де ашу жоспарланған.