«Майқайың» апатына қатысты 2 лауазым иесіне сот үкімі шықты

Апат кезінде төрт құтқарушы қайтыс болған еді

«Майқайың» апатына қатысты 2 лауазым иесіне сот үкімі шықты
istockphoto.com
199

«Майқайың» кен байыту комбинатында болған апатқа қатысты екі мемлекеттік қызметкерге үкім шықты. 

Qazaqstan.tv арнасының мәліметінше, оларға өз міндеттеріне жүрдім-бардым қараған деген айып тағылған еді. 

Атап айтқанда, облыстық өндірістік қауіпсіздікті қадағалау департаментінің бөлім басшысы 3 жылға, ал бас маман 2 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Айта кетейік, өткен жылдың қаңтар айында Майқайыңдағы алтын өндіретін шахта аумағында топырақ опырылып, автобус шыңырауға құлаған болатын. 

Апат кезінде төрт құтқарушы қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары