Моңғолия Ат спорты, Атбегілер Одағы (Бәйге федерациясы) жылдың «Үздік шабандоздарын» марапаттады. Жеңімпаздардың қатарында 22 шабандоздың ішінде екі қазақ баласы да бар. Бұл туралы Отандастар қоры Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Марапатталған шабандоздарға 2025 жылдың тамыз айында Қытайдың Хөх хот – Жининь қалаларына саяхаттау жолдамасын Моңғолия Бәйге федерациясының президенті Д.Дагвадорж табыстады.
«Үздік шабандоз» атағын иеленген қазақ балалары:
- Жанарбекұлы Дырдубай – Баян-Өлгий аймағы Ногооннуур сұмынының тумасы, Өлгий қалалық №1 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы.
- Салтанатұлы Жансерік – Улаанбаатар қалалық №156 мектебінің 4 сынып оқушысы (9 жаста).