Маңғыстауда жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты

/
Маңғыстауда жол апаты салдарынан төрт адам қаза тапты
lada.kz
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр

Қайғылы жол апаты Бейнеу-Сайөтес тас жолында болған. Toyota Camry көлігі «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиғаның мән-жайы туралы Lada.kz сайтына Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға салдарынан жеңіл көліктің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Toyota Camry жүргізушісі жарақат алып, Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетілуде.

Ал «КамАЗ» жүргізушісі жарақат алмағандықтан, дәрігерлердің көмегіне жүгінген жоқ.

Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары