Қазақстандық ММА спортшысы әрі боксшы Жұман Жұмабеков Алматыда өткен Nomad FC 12турнирінде жеңіске жетті.
Ол әйгілі ресейлік файтер Расул Мирзаевпен кездесіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.
Бес раундқа жоспарланған шайқаста Жұмабеков қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, 35 жастағы Жұмабековтың спорттық көрсеткіштері: ММА: 14 жеңіс, 8 жеңіліс; Бокс: 1 жеңіс, 2 жеңіліс (1 КО); Жұдырықтасу сайысы: 6 жеңіс, жеңіліс жоқ.