Қызметкерлер 30 минут бұрын кете алады: Испанияда еңбек туралы заңға өзгеріс енгізіліп жатыр

Қызметкерлер 30 минут бұрын кете алады: Испанияда еңбек туралы заңға өзгеріс енгізіліп жатыр
сурет: istockphoto.com
185

Испанияда жұмыс аптасы 40 сағаттан 37,5 сағатқа қысқарады, жалақы өзгеріссіз қалады.

Жаңа заңға сәйкес, қызметкерлер кеңселерден 30 минут бұрын кете алады. Бұл өзгеріс барлық компанияларға, соның ішінде жеке бизнестерге де міндетті түрде қолданылады.

Сонымен қатар, заңда қосымша артықшылықтар қарастырылған. Еңбеккерлер енді жұмыс уақытынан тыс кез келген қызметтік хабарламаларға жауап бермеуге толық құқылы. Ал компаниялар бұл талаптарды айналып өтпеуі үшін жұмыс уақытының цифрлық бақылауы енгізіледі.

Серіктес жаңалықтары