529
Германияның бұрынғы президенті қайтыс болды
Келер алғаш рет 2004 жылы Германия президенті болып сайланып, бұл қызметті 2010 жылға дейін атқарды

ГФР-дің бұрынғы президенті Хорст Келер өмірден өтті. Ол 81 жасында қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz DW-ға сілтеме жасап.
Келер 31 қаңтар таңертең ауыр, бірақ қысқа аурудан кейін қайтыс болды, деп хабарлады Берлиндегі федералды президенттің кеңсесі.
Келер алғаш рет 2004 жылы Германия президенті болып сайланып, бұл қызметті 2010 жылға дейін атқарды. Алайда сол жылы ол күтпеген жерден отставкаға кетті.
ГФР президенті қызметіне келгенге дейін Хорст Келер Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) басқарған. 2017 жылы ол БҰҰ Бас хатшысының Батыс Сахарадағы дауды реттеу жөніндегі жеке өкілі болып тағайындалды. Алайда 2019 жылы денсаулығына байланысты бұл қызметтен кетті.