"Қайрат" Конференция лигасындағы алғашқы ойынында жеңіске жете алмады

/
"Қайрат" Конференция лигасындағы алғашқы ойынында жеңіске жете алмады
Арман Жақсығұлов / "Қайрат" футбол клубы

Алматылық "Қайрат" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының 2026/2027 жылғы маусымындағы алғашқы кездесуін өткізді. Қазақстандық команда Латвияның "Рига" клубымен 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

15 қазан күні Ригадағы "Сконто" стадионында өткен матчқа албаниялық төреші Флериан Лята бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Кездесудің алғашқы минуттарында алматылықтар есеп ашып үлгерді. "Қайраттың" шабуылшысы Марк Гуаль пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.

Алайда алаң иелері жеті минуттан кейін таразы басын теңестірді. "Рига" футболшысы Салах Улад айып алаңына бағытталған пасты тиімді пайдаланып, допты қақпаға дәл бағыттады.

Бірінші таймның ортасынан бастап латвиялық клуб ойын тізгінін өз қолына алды. "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, командасын голдан құтқарды. Әсіресе оның Мухаммед Бадамосидің пенальтиін тойтаруы матчтағы маңызды сәттердің біріне айналды.

Екінші таймда екі команда да шабуыл ұйымдастырғанымен, есеп өзгерген жоқ. Нәтижесінде кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Алматылық клуб келесі кездесуін 22 қазанда өз алаңында өткізеді. Қарсыласы – Грекияның "Панатинаикос" командасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар