Голливуд актері Тоби Магуайр бұрынғы әйелі Дженнифер Мейердің үйлену тойында ерекше рөл атқарды. Ол Гавайи аралдарында өткен салтанатты рәсімді жүргізген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зергерлік бұйымдар дизайнері Дженнифер Мейер кәсіпкер Джеффри Огунлесиге тұрмысқа шықты. Үйлену тойы Ланаи аралында өткен.
Салтанатқа Мейер мен Магуайрдың ортақ балалары Руби мен Отис, сондай-ақ Мейер мен Огунлесидің жаңа туған қызы қатысқан.
Қонақтар арасында Леонардо ДиКаприо, Кортни Кокс, Кейт Хадсон және Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос болғаны хабарланды.
Тоби Магуайр мен Дженнифер Мейер қашан ажырасқан?
Тоби Магуайр мен Дженнифер Мейер тоғыз жыл некеде болған. Олар 2016 жылы ажырасатынын жариялады.
Дженнифер Мейер ажырасу туралы ресми өтінішті 2020 жылдың күзінде берген. Алайда заңды процесс бірнеше жылға созылып, 2026 жылдың қыркүйегінде ғана аяқталған.
Бұл Дженнифер Мейердің жаңа некесін қию рәсіміне бірнеше апта қалғанда болған.
Ажырасқанына қарамастан, Магуайр мен Мейер достық қарым-қатынасты сақтап, балаларын бірге тәрбиелеуді жалғастырып келеді.