Абай облысында 200 көлік жолда тұрып қалды

Абай облысында 200 көлік жолда тұрып қалды
видеодан скрин
251

Абай облысында 200 автокөлік ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда тұрып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

200 автокөлік, оның 70-і жүк көлігі Аягөзден Таскескен ауылына дейін ұйымдасқан түрде бір реттік рұқсат қағаздары арқылы қозғалып келеді. 

Бұл туралы Абай облысының ПД жариялады.

Колоннаның алдында Citic Construction Cо компаниясының арнайы техникасы жолды қардан тазартып, қиын учаскелерден өтуге көмектесуде. Полиция жүргізушілерге жолда мұқият болуды, қашықтықты сақтауды және полиция қызметкерлерінің нұсқауларына бағынуды ескертеді,- делінген облыстық ПД мәліметінде.

Серіктес жаңалықтары