ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

/
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» («Огузлар») қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары