«Ұрпақ тәрбиесінің кері кетуіне әсер етіп жатыр»: Тарихшы «Кешью» тобы туралы айтты

/
«Ұрпақ тәрбиесінің кері кетуіне әсер етіп жатыр»: Тарихшы «Кешью» тобы туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Этнограф, тарихшы Тұрар Сәттарқызы сахнада ұлттық құндылықтарға қайшы әрекеттерді көрсетуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Ол бұл туралы Adam Adam YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Этнограф Кешью тобының продюсерімен жеке бас араздығы жоқ екенін атап өтті. Алайда сахнада қазақы тәрбие мен ұлттық құндылықтарға қайшы әрекеттер көрсетілсе, оған өз пікірін білдіретінін айтты.

«Кешью тобының продюсерімен де, басқасымен де бас араздығым жоқ. Бірақ ол кісілер бала тәрбиесінде, қазақтың құндылығына қатысты дүниелерге тиіссе, мен айтамын. Олар ұрпақ тәрбиесінің кері кетуіне әсер етіп жатыр», – деді Тұрар Сәттарқызы.»

Оның айтуынша, қазақ дәстүрінде ер адамның бас киімін жерге тастауға және үстінен аттауға болмайды.

«Ер адамның бас киімін жерге тастауға, аяғынан аттауға болмайды. Ол – әйелді төмен санау емес. Қазақ қоғамында екеуінің де құқығы тең. Бірақ ел шетіне жау тисе, бізді ер азаматтарымыз қорғайды. Ал біз ер азаматты басынан теуіп, үстінен аттап жатқан дүниені насихаттасақ, сахна мәдениеті қайда?! Жалпы әйел болсын, еркек болсын сахнада тебу деген масқара!», – деді этнограф.»

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары