Қазақстанда тағы бір автожол бүгіннен бастап ақылы болды

Жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады

Қазақстанда тағы бір автожол бүгіннен бастап ақылы болды
istockphoto.com
413

26 қаңтардан бастап Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады.

Автожолда «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Жол ақысын қолма-қол ақшасыз, яғни интернет-банкингтер, терминалдар мен электрондық әмияндар, т.б. төлеуге болады. 

Бір бағыттағы (454 шақырым) төлем мөлшері:

– 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 2840 теңге, кейінгі төлем – 3330 теңге;

– 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін  алдын-ала төлем – 5750 теңге, кейінгі төлем – 6740 теңге;

– 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін алдын-ала төлем – 8570 теңге, кейінгі төлем – 10 100 теңге;

– жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін алдын-ала төлем – 11 470 теңге, кейінгі төлем – 13 470 теңге;

– жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін алдын-ала төлем – 14 290 теңге, кейінгі төлем – 16 830 теңге.

Айта кетейік, жеңіл көлік иелері Қызылорда-Арал жолын тегін пайдаланады. 

Серіктес жаңалықтары