Жамбыл облысында боранда қалған 35 адам құтқарылды

Құтқарушылардың көмегімен 35 адам, оның ішінде 5 бала және 1 жүкті әйел құтқарылды

Жамбыл облысында боранда қалған 35 адам құтқарылды
ТЖМ
237

Адам өмірін құтқару мәселесінде ТЖМ құтқарушыларына ауа райы кедергі бола алмайды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Белгілі болғандай, Жамбыл облысында осы аптада болған қатты боран кезінде Жуалы ауданының құтқарушылары өз міндеттерін одан әрі белсенді атқарды. Сол күндері құтқарушылардың көмегімен 35 адам, оның ішінде 5 бала және 1 жүкті әйел құтқарылды.

№7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері Нұрахмет Оразбаев, Досмұханбет Нуралиев және ТЖБ аға анықтаушысы Бахтияр Мағыртай шынжыр табанды тягачпен боранға қарамастан авариялық-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары