74
Cорпа мен шоколадтың үйлесімі: Жаңа сусын түрі трендке айналды
Қыстың суығында тәтті әрі денсаулыққа пайдалы сусын ішкіңіз келе ме? АҚШ-та сүйек сорпасы қосылған ыстық шоколад трендке айналды.
Бұл ерекше рецепт әлеуметтік желілерде жылдам таралып, денсаулыққа мән беретін жандар мен фуд-блогерлер арасында қызу талқылануда.
Бұл ерекше сусын – сүйек сорпасының ақуызға бай құрамын какаоның дәмімен біріктірген күтпеген жаңалық.
Бұл сусынның басты ерекшелігі – денсаулыққа пайдалы заттардан, соның ішінде коллаген мен ақуыздан тұратыны, – деп жазды New York Post.