Маңғыстауда 9 ай бұрын жоғалып кеткен балықшы әлі табылмады

/
Маңғыстауда 9 ай бұрын жоғалып кеткен балықшы әлі табылмады
istockphoto.com
Балықшының жұбайы іздеу жұмыстарының еш нәтиже бермегенін айтады

Маңғыстау облысында тоғыз ай бұрын теңізге шығып, жоғалып кеткен балықшы Руслан Садықовты іздеу әлі нәтиже берген жоқ.

Lada.kz мәліметінше, балықшының жұбайы іздеу жұмыстарының еш нәтиже бермегенін айтады.

“Егер кімде-кім менің күйеуім туралы қандай да бір ақпарат білсе, +7 (702) 396-41-59 нөміріне хабарласуыңызды өтінемін”, – деді Руслан Садықовтың әйелі.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Түпқараған ауданында екі балықшы резеңке қайықпен теңізге шығып, қайта оралмаған болатын. Олардың біреуінің денесі 2024 жылдың 20 сәуірінде табылған еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары