Полиция қызметкерлері бір тәулікте 3710 көлікті қап құрсауынан шығарды, деп хабарлады Polisia.kz.
Мәлімет бойынша, 3 қаңтар күні сегіз облыстағы 15 жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында жолдар жабылды. Полиция қызметкерлері тәулік ішінде 3 710 көлік құралын сүйемелдеді, оның ішінде 2 820 жеңіл көлік пен 890 жүк көлігі болды.
4 қаңтарда полиция Астана – Щучинск тасжолының учаскесінде 1 200-ден астам көлік құралын ертіп жүрді. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қала маңындағы жолдарда тәулік бойы қызмет атқаруды жалғастырып жатыр.