248
Рудныйдағы цехта жұмысшы қаза тапты
Ол жөндеу жұмыстары кезінде алған ауыр дене жарақатына, тіл тартпай кеткен.
Қостанай облысы Рудный қаласындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кенді дайындау және байыту цехында 1 жұмысшы көз жұмды.
Ол жөндеу жұмыстары кезінде алған ауыр дене жарақатына, тіл тартпай кеткен.
Компания өкілдері марқұмның отбасына барлық көмек көрстілетінін мәлім етті.
«Вагонаударғышты жөндеу кезінде жөндеуші слесарь өте ауыр жарақат алды. «ССТКББ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр», – делінген хабарламада