Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен сөйлесті
Akorda
261

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзербайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Серіктес жаңалықтары