Астанада 40-тан астам есірткі граффитиі боялды

Астанада 40-тан астам есірткі граффитиі боялды
380

Елордада «Астана – есірткісіз қала» акциясы ая­сында есірткі қыл­мы­сының көзге көрінетін көрі­ністерін жоюға арналған іс-шара өтіп, есірткі зат­тарын сату туралы жарнамалар ілінген қабыр­ғалар боялды.  
Акцияны Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімдігі, аудандық полиция басқармасы, елордалық Полиция депар­та­мен­тінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының еріктілері ұйымдастырды. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткіге қолжетімділікті тө­мен­дету, сондай-ақ оларды қолданудан бас тартатын қоғам­дық пікір қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар граффитилерді бояу арқылы қала мүлкіне ұқып­ты қараудың және көшелердегі тазалықты сақтаудың маңыз­дылығына жұртшылықтың назарын аудару. Тыйым са­лын­ған заттарды жарнамалайтын граффити қаланың эстети­ка­лық көрінісін бұзып қана қоймай, жастарға қауіп төндіреді, оларды заңсыз әрекеттерге итермелейді.
– Жыл басынан бері елорданың барлық аудандарының әкім­діктерімен бірлесе отырып, граффитиді жарнамалайтын пре­параттарды бояу бойынша 40-тан астам іс-шара ұйым­дас­тырылды. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшей­тіп, жастардың бойында жаман әдеттердің пайда болуына жол бермей, осындай бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Салауатты өмір салтын насихаттау және нашақор­лық­тың алдын алу есірткінің заңсыз айналымына қарсы кү­рес­­тің маңызды бөлігі, – деп атап өтті «Астана жастары» ЖРО-ның маманы Сұлтан Өмірғалиев.
Акция нашақорлықпен күрес және оның алдын алу жө­ніндегі 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» ке­шенді іс-шаралар жоспарының бір бөлігі. Аталған жоспарда елор­да азаматтарының есірткінің зияны туралы ақпарат жет­кізу және оның таралуына қарсы тұруға бағытталған іс-шара­лар кешені де қарастырылған. 
– Біз мұндай шараларға жиі қатысамыз. Жоба аясында қабырғаларды дәрі-дәрмек жарнамасымен бояп жатырмыз. Біз қала тазалығын сақтағымыз келеді. Біздің мақсатымыз – мұн­дай жарнаманы алып тастау ғана емес, халыққа есірткінің зия­ны туралы ақпарат жеткізу», – дейді «Астана жастары» ЖРО-ның волонтері Даниял Келгінбаев.
Ұйымдастырушылар еріктілерді көбірек тартып, жастармен жұмысты күшейте отырып, осындай бастамаларды жалғас­тыру­ды көздеп отыр. Мұндай шаралар қаланы есірткі жарна­ма­с­ынан тазартып қана қоймай, қоғамда есірткіге қарсы мә­де­ниетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. 
Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында биыл қала про­куратурасы есірткі заттардың жарнамасын анықтау үшін қала аумағын аралап, нәтижелері бойынша граффити жаз­баларының 50-ден астам фактісін анықтаған.
Бұдан басқа, әлеуметтік желілер мен Telegram мес­сенд­жері­нің мониторингі барысында, тыйым салынған заттарды сату бойынша 118 жұмыс істеп тұрған сілтемелер мен интернет-ар­на­лары анықталып, бұғатталған.
Есірткіні насихаттау, заңсыз жарнамалау фактілері бойын­ша 24 қылмыстық іс тіркелді.
Жалпы, қала прокуратурасының үйлестіруімен 70 мың оқу­шыны қамтитын 
1 мыңнан астам білім беру мекемелерінде құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері туралы іс-шаралар өткізілді.

А.Бименді

Серіктес жаңалықтары