Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Анель Рауанқызы 12 қараша күні жоғалып кеткен

Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі күйінде табылды
istockphoto.com
540

Өскеменде қараша айының ортасында жоғалып кеткен 18 жастағы жергілікті тұрғын өлі күйінде табылды.

Анель Рауанқызы 12 қараша күні жоғалып кеткен. Таңғы сағат 08:00-де ол “Металлург” саябағы маңындағы үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Қыз жоғалған кезде қара футболка, жасыл толстовка, қара шалбар және етік киген. Туыстарының айтуынша, оның ұялы телефоны өшірулі болған. Анельді еріктілер мен полиция қызметкерлері іздестірген.

Бүгін, 14 желтоқсанда еріктілер жоғалған қыздың өлі күйінде табылғанын хабарлады. Этикалық себептерге байланысты оқиғаның мән-жайы жарияланбай отыр.

Серіктес жаңалықтары