Екібастұзда күйік шалған 10 жастағы баланың ісін полицейлер тергеп жатыр

Екібастұзда күйік шалған 10 жастағы баланың ісін полицейлер тергеп жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті
331

Жеке кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайты 8 желтоқсан күні М. Жүсіп көшесі, 109 мекенжайында ер бала доппен ойнап жүріп, «Марунич» ЖК тиесілі жылу желісіне аяғын күйдіріп алғаны жайлы бұған дейін жазған.

– Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, оқиға туралы әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Ұл бала далада ойнаған кезде доп су атқылап, жарылған құбырдың астына кіріп кеткен. Сол күні сағат 11:13-те диспетчерлік қызметіне жүгінгеннен кейін мамандар оқиға орнына ақауды анықтау үшін шығып, жылу жүйесінің иесін анықтады. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында кәсіпорын қызметкерлері зақымдануды өз күштерімен жойды. Бүгінде баланың жағдайы күйіктен шок алуы салдарынан ауыр деп бағаланады. Жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сол жерде үш күн бойы қарқынды ем алады.  

Серіктес жаңалықтары