Аргентинада «Ұлы дала қазынасы» атты қазақ ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды

Көрме Тәуелсіздіктің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Аргентинада «Ұлы дала қазынасы» атты қазақ ұлттық киімдерінің көрмесі ашылды
Автор
Админ
563

Аргентинаның Росарио қаласында қазақтың дәстүрлі киіміне арналған «Ұлы дала қазынасы» атты көрме ашылды.

Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 33 жылдығына орай «Росарио – Алматы: туыстас қалалар» жобасының аясынеда Росарио Ұлттық университетіндегі Мәдениет орталығында өтті. Осылайша Росариода Қазақстан мәдениетінің орталығы ашылды.

Салтанатты шараға Росарио қаласының көрнекті қайраткерлері, Қазақстан Халқы ассамблеясының ерікті елшісі Ирина Вагнер, Қазақстанның Аргентинадағы орталық аймақ консулы Густаво Гутиеррес қатысты. Арнайы шақырылған қонақтар мен қатысушылар арасында аргентиналық дизайнер Лола Монтеро болды. Қазақстаннан, екі ел мәдениетінің ұқсастығынан шабыт алған ол бірегей «Dreams 2024» коллекциясын ұсынды.

Көрмеге қазақтың бірегей ұлттық костюмдері қойылды. Витриналардың бірінен қазақтың домбырасын көруге болады. Ашылу салтанатында музыканттар, әншілер мен бишілер өнер көрсетті. Экспозиция щалына кіреберісте қонақтарға бауырсақ пен шай берілді. Көрме қонақтардың салт-дәстүрге бай қазақ даласымен байланыс орнатуына мүмкіндік бергендей.

12 желтоқсанға дейін қалаған адам көрмеге келіп, Қазақстан даласы мен бірегей мәдени мұрасы жайлы мағлұмат ала алады. «Ұлы даланың қазынасы» көрмесі Росарио мен Алматы арасындағы байланысты нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар өзара түсіністік пен мәдени байланысқа жол ашады.

Серіктес жаңалықтары